Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін құрауы мүмкін, төлемнің мөлшері — табыстың орташа айлық мөлшеріне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдар оны тағайындау үшін жүгіне алады:
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
- адамды жұмыссыз ретінде тіркеу және «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш жасау кезінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы;
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталына;
- Enbek.kz порталында жұмыссыз ретінде тіркелген болса, осы порталда.
- Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген қоғамдық жұмысшылар ала алады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, мансап орталығына:
- өтініш,
- жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігін ұсыну қажет.
Enbek.kz порталына, «электрондық үкіметтің» веб-порталына азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.