Непалдағы су тасқынынан кейін 5200 адам хабарсыз кеткен

0 12

Непалда 26 тамызда болған жойқын су тасқынынан кейін 5200-ге жуық адам әлі хабарсыз кеткендер қатарында. Олардың арасында 636 шетел азаматы бар. Құтқарушылар әзірге табылған мәйіттердің тек 7 пайызын ғана анықтаған.

Мамандар 1206 мәйіттен ДНҚ үлгісін алып, жоғалған адамдардың отбасы мүшелерінен 1889 ДНҚ үлгісін жинаған. Алайда әзірге небәрі 105 мәйіттің кім екені анықталып, туыстарына тапсырылды. Бұл барлық табылған мәйіттердің шамамен 7 пайызын ғана құрайды.

Қайғылы оқиға орнына барған шетел азаматтарының туыстары құтқару жұмыстарына қатысты ақпараттың айтарлықтай азайғанын айтып отыр.

Ал Непал билігі елшіліктер мен олардың отбасы мүшелеріне іздеу-құтқару жұмыстары туралы ақпарат тікелей және жанама байланыс арналары арқылы тұрақты түрде беріліп жатқанын мәлімдеді.