8200 адамға бөтен адамның суреті бар жүргізуші куәлігі берілген
АҚШ-тың Мичиган штатында мыңдаған тұрғынға бейтаныс ер адамның суреті мен басқа туған күн көрсетілген жүргізуші куәлігі берілген.
«CBS News» мәліметінше, жаппай қателік 2026 жылдың 26 тамызда шығарылған құжаттарда кеткен.
«Мен құжатқа қарап тұрып: «Төменгі бұрышта ер адамның суреті тұр ғой» деп ойладым. Қайта-қайта қарасам да, ол маған күлімсіреп тұрды», – деді Мичиган тұрғыны Ланита Нельсон.
Әйел құжаттағы қателіктің кесірінен полиция тексеруі кезінде қиындық туындауы мүмкін деп алаңдаған. Сондықтан жағдайды анықтау үшін интернеттен ақпарат іздей бастаған.
Кейін мұндай құжаттың өзіне ғана емес, басқа тұрғындарға да жіберілгені белгілі болды. Барлығы 8200 адам жүргізуші куәлігін дәл осындай қателікпен алған.
Анықталғандай, құжатқа басқа адамның суреті кездейсоқ басылып кетпеген. Оның орнына жүргізуші куәлігін рәсімдеу кезінде үлгі ретінде қолданылатын стандартты сурет пен шаблондық туған күн көрсетілген.
Мичиган билігі қате құжат алған азаматтарға ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Түзетілген құжаттар тұрғындардың барлығына пошта арқылы қайта жіберілген.