Анатолий Кашпировский 86 жасында сәби сүйді
Белгілі ресейлік психотерапевт Анатолий Кашпировский 86 жасында әке атанды. «Kp.ru» басылымының мәліметіне қарағанда, осы хабарды ел-жұртқа Кашпировскийдің директоры Сергей Рудых жеткізген.
«Қазір Кашпировский көпшілік алдына шығып жүрген жоқ. Өйткені ол бала сүйгеннен кейін қамқор әке болғысы келеді. Былтыр Кашпировский қызды болған. Ол қызын қатты жақсы көреді. Сондықтан Кашпировскийдің жұрт алдына шыға алмай жүргенін түсінуге тырысыңыздар», деді ол.
Оның айтуынша, «Кашпировскийдің денсаулығы нашарлап кетті», деген сөз – бос сөз. Қазір ол өзінен 20 жас кіші әйелімен тұрады. Зайыбының аты-жөні — Гулизар Чалбашева. Екеуі 2024 жылы шаңырақ құрған. Психотерапевтің бұған дейін екі әйелі болған.
Кашпировскийдің есімі Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі кезде кеңінен танылды. Өткен ғасырдың 90-жылдары оның алаяқтығын әшкерелеген ресейлік деректі фильм жарық көрді. Онда Кашпировский сөйлеп жатқанда сыбайластары сырт жақтан ешкімге білдірмей алдап-арбауға қажеттілерді даярлап тұратындығын анық көрсеткен деректер келтірілгені айтылады.