Шакира Бішкекте концерт береді

0 4

18 қазанда әлемге әйгілі әнші Шакира «Las Mujeres Ya No Lloran World Tour» атты әлемдік туры аясында Бішкекте концерт береді. Бұл туралы Қырғызстан Президент Іс басқармасы хабарлады.

Концерт «Бішкек Аренада» өтеді. Бұл Шакираның Орталық Азиядағы алғашқы концерті болмақ.

Колумбиялық әншінің концертіне билет ресми түрде сатылымға шықты. Билеттердің құны – VIP-аймақта 120 000 сомға дейін (603 445 теңге) болса, алыстағы орындар 12 000 сомнан басталады (60 мың теңге).