Канада Еуроодақтың құрамына кіруі мүмкін

0 6

Канада Еуропалық одақтың алғашқы «қауымдастырылған мүшесі» болуға шақырту алды. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, жаңа мәртебе ЕО үшін бұрын болмаған формат саналады. Оның нақты шарттары, соның ішінде қауымдастырылған мүшенің ЕО институттарында дауыс беру құқығы әзірге анықталмаған.

Еурокомиссия басшысы Канадамен технология, маңызды шикізат, энергетика, қорғаныс, Арктика жобалары және жасанды интеллект салаларында жаңа одақ құруды ұсынды. «Бізді ортақ құндылықтар мен әлемге деген ортақ көзқарас біріктіреді. Енді ортақ болашағымызды бірге құрамыз», деді ол.

Канада мен ЕО арасындағы жақындасу Оттава мен Брюссельдің бірқатар бағытта келіссөз жүргізуіне байланысты күшейіп отыр. Атап айтқанда, Канада «Erasmus+» бағдарламасына қосылу, «Horizon Europe» гранттарына қол жеткізу және кәсіби біліктіліктерді өзара тану мәселелерін талқылап жатыр.