Анатолий Кашпировский 86 жасында сәби сүйді

0 8

Белгілі ресейлік психотерапевт Анатолий Кашпировский 86 жасында әке атанды. «Kp.ru» басылымының мәліметіне қарағанда, осы хабарды ел-жұртқа Кашпировскийдің директоры Сергей Рудых жеткізген.

«Қазір Кашпировский көпшілік алдына шығып жүрген жоқ. Өйткені ол бала сүйгеннен кейін қамқор әке болғысы келеді. Былтыр Кашпировский қызды болған. Ол қызын қатты жақсы көреді. Сондықтан Кашпировскийдің жұрт алдына шыға алмай жүргенін түсінуге тырысыңыздар», деді ол.

Оның айтуынша, «Кашпировскийдің денсаулығы нашарлап кетті», деген сөз – бос сөз.  Қазір ол өзінен 20 жас кіші әйелімен тұрады. Зайыбының аты-жөні — Гулизар Чалбашева. Екеуі 2024 жылы шаңырақ құрған. Психотерапевтің бұған дейін екі әйелі болған.

Кашпировскийдің есімі Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі кезде кеңінен танылды. Өткен ғасырдың 90-жылдары оның алаяқтығын әшкере­леген ресейлік деректі фильм жарық көрді. Онда Кашпировский сөйлеп жат­қанда сыбайластары сырт жақ­тан ешкімге білдірмей алдап-арбауға қажет­тілерді даярлап тұратындығын анық көр­сеткен деректер келтірілгені айты­лады.