Кітап ал, кітап сыйла

0 8

Жақында аудандық орталық кітапханада облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айбек Қадыралиев «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында аудан жастарымен кездесу өткізді.

«Кітап ал, кітап сыйла» тақырыбындағы кездесуге аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, аудан жастары және белсенді жастар қатысты.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Нұрбек Жұманазаров кітап адамзат мәдениетінің баға жетпес мұрасы, білімнің, руханияттың, ұлттық және жаһандық құндылықтардың қайнар көзі екендігін, сондықтан «Кітап оқу жылы» аясында өңірде кітап оқуды насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілетіндігі туралы айтты.

Іс-шара барысында белсенді жастар Аманжол Кәусар Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романының сюжетін айтып берсе, Бейсенбек Гүлайым мен Рахметілда Нұрбақыт ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтарын оқыды.

Кітап оқу сөздік қоры мен жазу шеберлігін дамытады, логикалық ойлау мен талдау қабілетін арттырады, шығармашылық қиялды дамытады, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді, күйзелісті азайтып, эмоционалды интеллектіні күшейтеді. Кітап оқу жылы – тек бір жылмен шектелмейтін, ұзақ мерзімді мәдени қозғалыстың бастамасы. Бұл бастама кітап оқудың маңыздылығын ұғынуға, қоғамның рухани дамуына ықпал етуге бағытталған. Әрбір адам осы жылы кітап оқуды әдетке айналдырып, әдебиет әлеміне тереңірек бойлай түссе, қоғамдағы білім мен мәдениеттің деңгейі әлдеқайда жоғары болмақ.

Айбек Амансейітұлы іс-шараны Меркі ауданының жастарына кітап сыйлаумен түйіндеді.