Қолтырауын қаңқасы
Палеонтологтер Перудың «Окукахе» шөлінен 10 миллион жыл бұрын өмір сүрген қолтырауын сүйектерін тапты.
Ғалымдардың болжамынша, «Пискогавиалис» атты бұл жануар Оңтүстік Америкада шамамен 12 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Ұзындығы шамамен 3 метр. Суда мекендеген. Ғалымдар оны тек балықпен қоректенген деп отыр. Экспонат келер айда Перудің геологиялық тау-кен-металлургиялық институтында көрсетіледі.