Бангладеште наразы ел қонақ үйді өртеп жіберді

0 12

Бангладештің Джессор қаласында жаппай наразылыққа шыққан тұрғындар бес жұлдызды «Zabeer International» қонақ үйін өртеп жіберді. Салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты. «Daily Sun» ақпарат порталының хабарлауынша, тағы 50-ден астам тұрғын жарақат алған.

Қайғылы оқиға жақында елден қашып кеткен премьер-министр Шейх Хасинаның отставкасын тойлау кезінде болды. Қонақ үйді кімнің өртегені әзірге белгісіз.

Қонақ үй «Авами Лиг» басқарушы партиясының мүшесі Шахин Чакладарға тиесілі. Наразылық білдірушілер саясаткердің үйі мен кеңсесін де өртеп жіберген.