Сайлау

Оңтүстік Африка 696 вагоннан тұратын жүк пойызымен әлемдік рекорд орнатты

0 11

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұзындығы 7,6 шақырымды құрайтын жүк пойызы Салданья портынан Сишен кенішіне дейінгі 861 шақырым қашықтықты жүріп өткен.

Оңтүстік Африка Республикасы 1989 жылы да осы рекордтың иесі болған. Алайда 2001 жылы бұл атақ Австралияға өткен. Енді араға 25 жыл салып, әлемдік рекорд қайтадан Оңтүстік Африка Республикасына оралды.

Пойыздың локомотивтері бүкіл құрам бойына орналастырылып, тарту күші мен тежеу жүйесін бірлесіп басқару үшін сымсыз байланыс арқылы өзара синхрондалған.