Сайлау

Үндістанда екі басы бар сәби дүниеге келді

0 8

Үндістанның Одиша штатында екі басы бар сәби дүниеге келді. Нәресте жүктіліктің 32-аптасында кесар тілігі арқылы туған. Қазір дәрігерлер оның жағдайын жансақтау бөлімінде бақылап жатыр.

«NDTV» мәліметінше, сирек жағдай Кандхамал ауданында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, сәбидің екі басы мен екі мойны бар, алайда денесі біреу. Медицинада мұндай сирек жағдай дицефалиялық парапагус деп аталады. Бұл – денелері бітісіп туған егіздердің бір түрі. Нәрестеде бір жұп қол және бір жұп аяқ бар. Сәби отбасындағы тұңғыш бала. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, анасы қажетті медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған ауруханаға жіберілген.

Нәрестенің қазіргі жағдайы, ішкі ағзаларының құрылысы және болуы мүмкін асқынулар туралы толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Дәрігерлер бақылауды жалғастырып жатыр.

Бітісіп туған егіздер өте сирек кездеседі. Мұндай жағдайларда болжам дене құрылысының ерекшеліктеріне және ортақ ағзалардың болуына байланысты.