Сайлау

Қытай Жерді бақылауға арналған жерсеріктерді орбитаға шығарды

0 11

Қытай Жерді қашықтан зондтауға арналған екі топтағы жерсеріктерді орбитаға сәтті шығарды. Олар табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға және табиғи апаттардың алдын алуға арналған.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, «Яогань-53» тобының 07-09 нөмірлі және «Яогань-56» тобының 19-21 нөмірлі жерсеріктері Астана уақытымен сағат 06:25-те «Чанчжэн-4Б» (Long March-4B) зымыран тасығышымен ұшырылды. Ғарыш аппараттары жоспарланған орбиталарына сәтті жеткен.

Жерсеріктер ғылыми эксперименттер жүргізуге, жер мен табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға және олардың салдарын азайтуға көмектеседі.

Бұл ұшыру «Чанчжэн» («Ұлы жорық») сериясындағы зымыран тасығыштардың 673-миссиясы болды.