Сайлау

Қытайлық гуманоидты роботтар Гиннестің рекордтар кітабына енді

0 11

Қытайдың Цзинань қаласында 110 гуманоидты робот синхронды билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

24 қазанда өткен қойылымда роботтар жай ғана қозғалып қоймай, секіріп, сальто жасап, күрделі топтық қимылдарды орындады. «Expedition A3» роботтарының үйлесімді қозғалысын «LinkBots» басқару платформасы мен аса кең жолақты «UWB» позициялау жүйесі қамтамасыз еткен. Бұл технология роботтардың қозғалысын бірнеше сантиметрге дейінгі дәлдікпен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Өндіруші компания мұндай жетістікке алғаш рет жетіп отырған жоқ. Бұған дейін алдыңғы буынға жататын «AgiBot A2» гуманоид роботы 106 шақырым жол жүріп, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Ал шоу мен түрлі іс-шараларға арнап жасалған «Expedition A3» моделі бұл жолы күрделі қимылдарды топпен үйлесімді орындауға қабілетті екенін көрсетті.