Аргентинада жүздеген кит төлі жұмбақ инфекциядан қырылды

0 5

Соңғы бірнеше аптада Аргентинаның оңтүстігіндегі жағалауларға оңтүстік китінің жүздеген өлі төлі шығып қалған. Өлекселер әсіресе Чубут провинциясында көбейді. Мұнда алғашқы жағдайлар маусым айында-ақ анықтала бастаған.

Ғалымдар бұған теріде ауырсыну мен жоғары дене қызуын тудыратын ауыр бактериялық инфекция – тілме себеп болуы мүмкін деп болжайды. Теңіз биологы Мариано Косарселланың айтуынша, киттердің өлімі табиғи себептен болуы ықтимал, дегенмен адам әрекетінің әсерін әзірге толық жоққа шығару мүмкін емес.

Пуэрто-Мадрин қаласы мен оған жақын орналасқан Вальдес түбегі – оңтүстік киттерінің көбеюі үшін аса маңызды аймақ. Былтыр мұнда рекордтық көрсеткішпен 2110 кит, оның ішінде 800 төл саналған. Биыл 1375 жануар тіркелген, олардың 400-ге жуығы – төлдер. Дегенмен зерттеушілер қазіргі өлім-жітімді бүкіл популяцияға қауіп төндіретін жағдай деп бағаламайды.