Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

0 6

Біздің аймақ – көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп жатқан құтты мекен. Этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық — мемлекетіміздің дамуының кепілі және әрбір азаматтың басты міндеті.

🔎 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес:

🚨 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру: Бұл бап бойынша ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті қорлау, азаматтардың айрықшалығын немесе толыққанды еместігін насихаттау — 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға (немесе шектеуге) әкеп соғады. Егер бұл әрекеттер жария немесе БАҚ, телекоммуникация желілері арқылы жасалса, жаза күшейеді.

🚨 180-бап. Сепаратистік әрекет: Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, аумағының қолсұғылмаушылығын және бөлінбестігін өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер немесе оған жария түрде шақыру — 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

⚖️ Есіңізде болсын: сіздің әлеуметтік желілердегі пікірлеріңіз, репосттарыңыз және лайктарыңыз үшін де заң алдында жауаптысыз.

Біз сіздерді арандатушылыққа ермеуге, тек ресми ақпаратқа сенуге және бір-бірімізге сыйластықпен қарауға шақырамыз. Бірлігімізді бұзуға бағытталған кез келген әрекетке бірге тосқауыл қояйық!

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ!

#Бейбітшілік #Келісім #Бірлік #ЗаңМерген #СепаратизмгеЖолЖоқ #КсенофобияғаЖолЖоқ #АлауыздыққаЖолЖоқ #Қазақстан #ОблысЖаңалықтары