Электр құралдарын дұрыс пайдалану арқылы өрттің алдын ал

0 9

Электр жүйелері мен жабдықтары жоғары өрт қауіптілігін тудыратыны ешкімге құпия емес. Әрбір үйде тұрғындар электр техникасы және жылыту құралдарын белсене пайдаланады. Салдарынан өрттердің басым бөлігі дәстүрлі түрде электр техникаға немесе оларды дұрыс қолданбауға байланысты себеп терден орын алады.

Өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жалпы әдісі, сонымен қатар электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігінің жеке әдісі жану көзінің пайда болу қауіпін, тез жанғыш ортаның, өрттің таралу жолдарының пайда болуын жоюды немесе шектеуді көздейді.

Электр құралдарын пайдаланған кезде:

электр қуатын қабылдағыштарды (электр құралдарын) оларды дайындаушы мекемелердің нұсқау лықтары талаптарына сәйкес келмейтін немесе ақаулығы бар болған жағдайларда қолдануға, сонымен қатар зақым данған  болмаса, қорғағыш белгілерін жоғалтқан оқшаулаулары бар электр сымдары мен кабелдерін пайдалануға;

тежегіштердің балқығыш ендірмелері жанып кеткен жағдайда қолдан жасалған ендір ме лерді қоюға болмайды, бұл барлық электр сымдарының қызып кетуіне, олардың қысқа тұйықталуына және өрттің пайда болуына әкеліп соғады;

 ашық электр сымда рын бояуға неме се үстінен түсқағаз жап сыруға; ақаулы ажырат қыш тарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға;

электр шамдарын жанғыш материал дардан жасалған жапқыштармен жабуға; жылу реттегіші жоқ немесе ақаулы электр жылытқыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.