Жұлдыз жорамал: 10 — 16 қараша аралығы

0 6

Тоқты

Бұл апта Тоқтылар үшін белсенді әрі нәтижелі кезең болмақ. Ірі жобаларды бастауға немесе басшылықпен маңызды әңгіме өткізуге қолайлы уақыт. Бірақ, эмоцияға беріліп, тез шешім қабылдаудан сақ болыңыз. Аптаның ортасында серіктестермен немесе әріптестермен келіспеушілік тууы мүмкін — сабырлық сақтаныз, сонда бәрі реттеледі. Қаржы тұрғысынан тұрақты апта. Қосымша табыс көзі пайда болуы мүмкін. Десе де, үлкен сатып алулар мен инвестицияларды кейінге қалдырған жөн.

Жалғызбасты Тоқтылар күтпеген таныстыққа тап болуы мүмкін. Қарым-қатынасы бар Тоқтыларға түсіністік пен шыдамдылық қажет. Серігіңді сынама, керісінше, қолдау білдір. Энергияңыз көп, бірақ ұйқы режиміне мән берген жөн. Кеш ұйықтау мен стресс иммунитетті әлсіретуі мүмкін. Спорт пен таза ауада серуен көмектеседі.

Торпақ

Торпақтар бұл аптада өз еңбегінің нәтижесін көреді. Басшылық сенің тұрақтылығың мен жауапкершілігіңді бағалайды. Бірақ, тым қатаң болудан сақтаныңыз — икемділік танытсаңыз, жаңа мүмкіндіктер ашылады. Аптаның соңында шабыт келіп, шығармашылық идея туындауы мүмкін. Қаржы саласында ілгерілеу байқалады. Бұрынғы еңбектің жемісі ретінде сыйақы немесе бонустар алу ықтимал. Тек артық шығын мен импульсивті сатып алудан аулақ болған жөн. Болашаққа қаражат жинау — сәтті шешім.

Махаббатта тұрақтылық пен сенім кезеңі. Серігіңізбен ашық сөйлесу қарым-қатынасты нығайтады. Жалғызбасты Торпақтар ескі танысымен қайта байланыс орнатуы мүмкін — бұл жолы бәрі басқаша дамуы ықтимал. Денсаулықта жалпы жағдай жақсы, бірақ физикалық белсенділікті арттыру керек. Буын мен мойын аймағына назар аударыңыз — ұзақ отырудан кері әсер болуы мүмкін.

Егіздер

Егіздер үшін бұл апта жаңа идеялар мен өзгерістер аптасы. Көп сөйлесіп, келіссөз жүргізуге тура келеді. Коммуникация дағдылардың — басты қаруы. Бірақ, бір мезетте бірнеше істі қолға алмай — шоғырлануды үйреніңіз. Аптаның соңында күтпеген жақсы жаңалық немесе кәсіби мүмкіндік болуы мүмкін. Ақша айналымы белсенді. Қысқа мерзімді табыстар болуы ықтимал, бірақ тұрақты нәтижеге жету үшін жоспар құру керек. Тұтынушылық несиелер мен тәуекелді инвестициядан аулақ болған дұрыс.

Егіздер үшін романтикалық көңіл-күй күшейеді. Серігіңізбен қарым-қатынаста эмоция көп, кейде ұсақ реніштер орын алуы мүмкін. Ашық әңгіме мен әзіл бәрін жеңілдетеді. Жалғызбасты Егіздер әлеуметтік ортадан жұп табуы мүмкін. Психикалық шаршаудан сақтаныңыз. Ақпарат көп, ми демалуды да қажет етеді. Кітап оқып, табиғатта уақыт өткізу пайдалы. Ас қорыту жүйесіне мән берген жөн.

Шаян

Бұл апта Шаяндар үшін интуициясы ерекше күшті кезең. Әріптестердің көңіл-күйін, жасырын ниетін жақсы сезесің — осыны өз пайдаңа қолдан. Бірақ, шамадан тыс жауапкершілік алудан сақтан: кейбір жоба немесе тапсырма сенің мойныңда болмауы керек. Аптаның соңында шығармашылық немесе рухани шабыт келеді. Қаржы тұрғысынан тұрақтылық байқалады. Үлкен кіріс болмаса да, шығындар да шамалы. Үй мен отбасына байланысты сатып алулар сәтті өтеді. Егер бұрын қарыз берген болсаң, оны қайтарып алу мүмкіндігі бар.

Шаяндар үшін бұл апта сезім мен естеліктерге толы. Бұрынғы махаббат туралы ой жиі келеді. Қазіргі серігіңмен жылы, шынайы әңгіме жасауға жақсы уақыт. Жалғызбасты Шаяндар жаңа таныстықтан ерекше эмоция алады — бұл адам сенің жаныңды түсінуі мүмкін. Энергия тұрақты, бірақ эмоциялық күйзеліс болуы мүмкін. Демалуға, медитацияға және тыныштыққа уақыт бөл. Асқазан мен ұйқы сапасына көңіл бөлген дұрыс.

Арыстан

Арыстандар үшін бұл апта бедел мен танылу кезеңі. Сенің еңбегің көзге түсіп, басшылықтан мадақ естуің мүмкін. Бірақ, мақтауға мастанып, тым сенімді болудан сақтан — айналада қызғаныш туындауы ықтимал. Аптаның ортасында жаңа жобаны қолға алу немесе топты басқару мүмкіндігі туады. Қаржылық жағдайың жақсарады, әсіресе жеке істер мен шығармашылық табыс көзінен. Бірақ, сән мен ләззатқа артық ақша жұмсау қаупі бар. Болашаққа инвестиция немесе жинақ жаса — ол өз жемісін береді.

Арыстандардың махаббаты жарқырап тұр. Романтика, назар мен сезім көп. Серігіңе қамқорлық пен сыйлық жасау арқылы қарым-қатынасты нығайтасың. Ал, жалғызбасты Арыстандардың жүрегін ерекше бір адам жаулап алуы мүмкін — әсіресе жұмыс немесе қоғамдық ортада танысқан жан. Күш-қуат мол, бірақ жүрек пен қан қысымына абай бол. Эмоция мен стрессті басқаруды үйрен. Белсенді демалыс пен спорт жақсы әсер береді.

Бикеш

Бикештер үшін бұл апта ұқыптылық пен жүйелілік уақыты. Қолыңдағы істерді реттеп, жоспар құр. Әріптестер сенің ұйымшылдығыңа сүйенеді. Аптаның ортасында күтпеген жағдай туындауы мүмкін — сабырмен және логикамен шешсең, бәрі өз орнына келеді. Жаңа білім алу немесе курстан өту бастамасы табыс әкеледі. Қаржыда сақтық қажет. Бұл аптада үлкен шығын немесе жоспардан тыс төлем болуы мүмкін. Бірақ, бұл уақытша ғана. Егер нақты бюджет құрып, артық нәрсеге жұмсамасаң — бәрі реттеледі. Аптаның соңында пайдалы мүмкіндік келуі ықтимал (қосымша табыс немесе тапсырыс).

Махаббатта тұрақтылық пен түсіністік алдыңғы орынға шығады. Серігіңмен ұсақ-түйекке бола ренжісуден сақтан. Әңгімелесіп, сезіміңді білдіру маңызды. Жалғызбасты Бикештер үшін бұл апта жаңа танысуға тым қолайлы емес — алдымен өзіңе көңіл бөл. Шаршау мен жүйке кернеуі сезілуі мүмкін. Уақытылы ұйықтап, дұрыс тамақтануды ұстан. Асқазан мен ішек жүйесіне абай бол. Шөп шайлар мен тыныш музыка жақсы әсер береді.

Таразы

Бұл апта Таразылар үшін тепе-теңдік пен әділдік іздеу кезеңі. Жұмыс орнында кейбір шешімдер қабылдауда сенің дипломатиялық қабілетің маңызды рөл атқарады. Серіктестік жобалар немесе топпен жұмыс сәтті өтеді. Бірақ, барлығына ұнауға тырыспа — нақты ұстанымыңды қорғау маңызды. Аптаның соңында жаңа ынтымақтастық ұсынысы түсуі мүмкін. Қаржы жағдайы тұрақты, бірақ, күтпеген ұсақ шығындар болуы ықтимал. Бұл аптада сатып алуларды жақсылап ойлан. Инвестицияға немесе несие алуға асықпай — бәрін нақты есептеген дұрыс.

Махаббатта үйлесім мен эмоциялық тереңдік күтіледі. Серігіңмен арадағы түсініспеушілікті ашық әңгімемен шешсең, байланыс күшейеді. Ал, жалғызбасты Таразылар үшін романтикалық танысу мүмкіндігі жоғары. Таразының басты мәселесі — теңгерім. Тән мен жан саулығын қатар ұстаған жөн. Ұйқы мен тамақтану режимін қалпына келтіріп, арқа мен бел аймағына салмақ түсірмеңіз.

Сарышаян

Бұл апта Сарышаяндар үшін белсенді әрі әсерлі кезең. Энергияңыз жоғары, жоспарларыңыз нақты. Көптен бері ойда жүрген бастаманы іске асыруға тамаша уақыт. Бірақ, билік пен эмоция арасына шек қой — тым талапшыл болу айналада кері әсер қалдыруы мүмкін. Аптаның соңында күтпеген жаңалық — жұмыстағы ілгерілеу немесе марапат болуы ықтимал. Қаржыда тұрақтылық бар, тіпті аздап өсу байқалады. Интуицияңыз жақсы жұмыс істейді, сондықтан ұсақ инвестиция немесе сауда сәтті өтеді. Тек құпия істер мен «жасырын келісімдерден» аулақ болыңыз — бұл келешекте қиындық туғызуы мүмкін.

Махаббатта құмарлық пен терең сезім күшейеді. Серігіңізбен эмоцияға беріліп, ұсақ-түйекке бола ренжіспеген жөн. Қарым-қатынаста сенім басты рөл атқарады. Жалғызбасты Сарышаяндар үшін бұл апта тағдырлы кездесу кезеңі болуы мүмкін. Физикалық энергия мол, бірақ, шамадан тыс жұмыс істеу жүйкені қажытады. Демалысты ұмытпаңыз. Суды көбірек іш және ұйқы режимін қадағалаңыз.

Мерген

Мергендер үшін бұл апта шабыт пен еркіндік уақыты. Шығармашылық ойлар мен жаңа идеялар көп келеді. Егер жаңа бағыт іздесең — батыл қадам жасаңыз. Бірақ, ұйымшылдық пен жауапкершілікті де ұмытпаған дұрыс. Аптаның ортасында басшылық немесе жоғары тұрған адам сіздің идеяңызға қызығушылық танытуы мүмкін. Қаржы тұрғысынан жақсы кезең. Табыс көзі көбейеді немесе қосымша жоба пайда болады. Тек артық оптимизмнен сақтаныңыз — табыстың бәрін бірден жұмсап жіберу қаупі бар. Ұзақ мерзімді мақсатқа жинақтаған дұрыс.

Мергеннің махаббат өмірі қызықты әрі динамикалық. Серігіңмен жаңа эмоция мен романтика кезеңі басталады. Ал, жалғызбасты Мергендер сапарда немесе әлеуметтік желіде ерекше адаммен танысуы мүмкін. Тек асықпаңыз — сезімнің беріктігіне уақыт қажет. Жалпы жақсы, бірақ, физикалық шаршау болуы мүмкін. Белсенді өмір салтына қарамастан, демалуға уақыт бөліп, ас қорыту мен бауырға абай болыңыз.

Тауешкі

Бұл апта Тауешкілер үшін еңбек пен табандылық кезеңі. Сенің жауапкершілігің мен кәсібилігің жоғары бағаланады. Аптаның ортасында басшылықтан сенім арту немесе жаңа жобаға жетекшілік ету ұсынысы түсуі мүмкін. Дегенмен, бәрін өз мойныңызға алып, шаршап қалудан сақтанып — уақытыңызды дұрыс жоспарлаған жөн. Қаржыда тұрақтылық пен өсу бар. Бұрынғы еңбектің нәтижесі ретінде сыйақы немесе қосымша табыс алу ықтимал. Бірақ, шығындар да болуы мүмкін — әсіресе, тұрмыстық техника, жөндеу немесе отбасы қажеттіліктеріне. Ұзақ мерзімді инвестиция үшін жақсы кезең.

Қарым-қатынаста тұрақтылық пен байыптылық басым. Серігіңіз сіздің қамқорлығыңызды сезінеді, бірақ, салқынқандылық танытудан абай болыңыз — кейде сезіміңізді ашық көрсету де қажет. Жалғызбасты Тауешкілерге бұл аптада маңызды танысу мүмкіндігі бар. Жұмыс көп, сондықтан демалысты ұмытпа. Буын мен сүйек жүйесіне көңіл бөліңіз. Таңертеңгі жаттығу мен жылы сусындар сізге күш береді. Ұйқы режимін бұзбаңыз.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар бұл аптада ерекше идеялар мен жаңашылдықпен жарқырайды. Сіздің көзқарасың өзгеше, сондықтан басқалар бастапқыда түсінбеуі мүмкін, бірақ, кейіннен дәл сіздің ұсынысыңыз сәтті болып шығады. Командада жұмыс істеу кезінде пікірталас болуы мүмкін — сабыр сақтап, дәлелдеріңізді нақты жеткізіңіз. Қаржыда тұрақтылық бар, десе де  күтпеген шығындарға дайын болу керек. Егер онлайн жоба, цифрлық бағыт немесе технология саласы бар болса — табыс көзі ашылуы мүмкін. Қарыз бермеуге тырысыңыз. Махаббатта еркіндік пен достық сезімі басым. Серігіңізге сенім мен түсіністік танытсаңыз — қарым-қатынас күшейеді.

Ал, жалғызбасты Суқұйғыштар достарының немесе әріптестерінің арасынан ерекше адамды байқауы мүмкін. Қарым-қатынас интеллектуалдық байланыстан басталады. Жүйке жүйесі мен ұйқыға назар аудару керек. Кеш ұйықтаманыз, гаджеттерден үзіліс жасап, сумен немесе йогамен байланысты жаттығулармен айналысыныз.

Балық

Балықтар үшін бұл апта сезім мен шабыттың кезеңі. Креатив пен интуиция ерекше күшейеді. Жаңа бағыт немесе шығармашылық жоба бастауға жақсы уақыт. Бірақ, нақты әрекет пен тәртіп жетіспесе, идеялар жүзеге аспай қалуы мүмкін — сондықтан жоспар жасаған дұрыс. Аптаның соңында сіз күтпеген жақсы жаңалық естуіңіз мүмкін. Қаржыда тұрақтылық бар, бірақ, ұсақ шығындарға абай болған дұрыс. Эмоциямен сатып алу — басты қауіп. Егер өнермен, дизайнмен немесе коммуникациямен айналыссаңыз, қосымша табыс көзі пайда болуы мүмкін.

Балықтар үшін махаббат ерекше романтикалық сипат алады. Серігіңізбен түсіністік артады, екеуіңіздің рухани байланыстарыңыз күшейеді. Жалғызбасты Балықтар арманындағы адаммен танысуы мүмкін. Кейде шынайылықты да бағалау керек. Энергия деңгейің өзгермелі — бір күні сергек болсаңыз, келесі күні шаршап кетуіңіз мүмкін. Су элементі сізге жақсы әсер етеді: ванна, бассейн, теңіз тұзы бар су процедуралары пайдалы.