Айсілкініс
Айда да «жер» сілкінеді. Ғалымдар бұны «айсілкініс» деп атайды.
«Ай – тыныш, өлі дене» деген ескі ұғымды «NASA» ғарышкерлері баяғыда жоққа шығарған. 1969–1972 жылдар аралығында «Apollo» миссиясы аясында Ай бетіне төрт бірдей сейсмограф орнатылған. Олар бірнеше жыл бойы дерек жинап, таңғаларлық жаңалық ашты. Айда да сілкініс болады екен. Бұл сілкіністердің кейбірі 10 минутқа дейін созылады. Жер сілкінісінен айырмашылығы – Айда ауа да, су да жоқ, сондықтан діріл бірден басылмай, ұзақ уақыт шайқалып тұрады.