Жүрек-қантамыр ауруларынан арылудың үш тәсілі

0 3

Жүрек-қантамыр аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қантамыр аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион, ал Қазақстанда 80 мың адам осы аурудан көз жұмады.

Жүрек-қантамыр ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.

Бұл ауруды үй жағдайында емдеу мен алдын алудың үш тәсілін назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Алмұрттың жемісін кептіріп ұнтақтап, 300 грамын жарты килограмм балға араластырады. Осы қосындының бір шай қасығын күніне үш рет жеп жүрсе, жүрек ауруларының барлық түріне, сондай-ақ бауыр, көкбауыр ауруларына бірден-бір ем.
  2. Анардың шырынын күнделікті ішіп жүрсе, жүрек-қантамырларының жұмысын жақсартады, асқазанның түрлі гастритіне ем. Көздің қуатын молайтып, адамның тәбетін ашады.
  3. Кепкен алманы қантсыз қайнатып, үнемі сусын орнына ішіп жүрсе, қан тамырларының қабырғасына қатқан қақты ерітіп, қан жүрісін қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ көздің өткірлігін молайтып, босаған тістерді бекітеді. Қызылөңештің, асқазанның, ішектің ішкі кілегей қабатын жетілдіреді. Адам бойын сергітіп, қуат береді. Бауырдың, қуықтың, көкбауырдың жұмысын жақсартады.

Осы кеңестерді күнделікті қолдану арқылы өзіңізді инфаркт пен инсульттан сақтандыра аласыз.