Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

0 34

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды.

“Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін”, – делінген Қаулыда.