Күзде неліктен шаш көп түседі?

0 13

Күзде шаш көп түсуі тек маусымдық өзгеріске байланысты емес. Жаздағы ауру, қатты күйзеліс немесе күрт салмақ тастау бірнеше айдан кейін шаш түсуіне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы трихолог Есения Гудова айтты.

Маманның сөзінше, шаш шамадан тыс түсуін тек жыл мезгілімен байланыстыруға болмайды. Бұған ауру, қатаң диета, темір тапшылығы, денсаулыққа қатысты басқа да мәселелер себеп болуы мүмкін.

Есения Гудованың айтуынша, шаш ағзадағы жағымсыз өзгерістерге бірден реакция бермейді. «Қатты қызу байқалған инфекциядан, отадан, ауыр күйзелістен немесе күрт салмақ жоғалтқаннан кейін шаш екі-үш айдан соң көп түсуі мүмкін. Сондықтан қыркүйек-қазанда мұндай мәселе байқалса, жаз мезгілінде болған жағдайларға назар аударған жөн», — деді маман.