Қытай жанармай экспортын тоқтатты

0 8

Қытай мұнай өнімдерінің экспортын уақытша тоқтатып, әлемдік отын нарығындағы қысымды күшейтті. «Reuters» мәліметінше, «PetroChina» қазан айына жоспарланған бензин мен авиациялық отынның бірнеше партиясын жөнелтуден бас тартқан, ал ірі мұнай өңдеу зауыттарына 7 қазанға дейін экспортқа рұқсат берілмеген.

Бұл шешім әлемдік нарықтағы ұсыныс тапшылығы күшейіп тұрған кезде қабылданды. Қытайдың экспортты қашан қайта бастайтыны әзірге белгісіз. Аталған шешім елдегі отын қорлары мен мұнай өңдеу көлеміне байланысты болады.

Жаңалықтан кейін «Brent» маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 101,20 доллар баррельге дейін көтеріліп, бір күн ішінде 3,2%-ға өсті.

Қытайдың бұл қадамы Таяу Шығыстағы қақтығыс пен Ресейдегі мұнай өңдеу инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан туындаған жеткізілім мәселелерін одан әрі ушықтыруы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, экспорттың тоқтауы әсіресе дизель мен басқа да мұнай өнімдерінің нарығына қысым түсіреді.