Құрылтай

Шу қаласы мен Баласағұнға Ұлы Жібек жолының әсері

0 4

Ілгеріде Шу қаған қасиетті таудың батысындағы қамалынан шығып, ел ішін аралауға сапар шегеді. Ол Шу өзенін бойлай жүріп, Телікөлге жетеді. Содан кейін Сарысу өзенімен төмен түсіп, Сырдарияның төменгі ағысына жетеді. Жолын ары қарай жалғастырып, бірнеше күн жүріп, Көк теңіз — Аралға барып тоқтайды. Осылайша қаған 40 күн бойы ел мен жерді шолып , керуен жолының бағытын белгілейді.

 («Әулиеата аңыздары», 163-бет)

Шу қаған Шу қаласын салдырғаннан кейін сауда-саттық үшін Шудың керуен жолын белгілеп, ел-жұртына дұрыс бағыт бере білген. Себебі басқа елдермен сауда-саттық жасау үшін, өз бай-манаттарына дұрыс, қауіпсіз жолды таңдап берген. Әрі пайдалы жағын да ойлаған. Өз елінің дамуы үшін, сондай қаракеттерге бара білген. Шу қаған өте ақылды, елін дұрыс жолға салған асқан білімді адам болған.

Ұлы Жібек жолының тарихы Баласағұн қаласына да тікелей қатысты, байланысы болған. Өйткені Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты жалғастырған. Бұл сауда жолы Орта Азия үстімен өтіп, жолында көптеген үлкенді-кішілі қалалардың өсуіне үлкен әсерін тигізген. Осындай қолайлы жағдайдың нәтижесінде тарихи Баласағұн сияқты қалалар дүниеге келген.

Ұлы Жібек жолындағы Баласағұн қаласы Жамбыл облысының Шу ауданындағы, бұрынғы «Калинин» колхозының жеріндегі «Ақтөбе» деп аталатын археологиялық ескерткіш. Бұл туралы археолог-этнолог Уахит Шәлекеновтың «Ү-ХІІІ ғасырдағы Баласағұн қаласы» атты 2026 жылы дайындалып, «Жібек жолы» басбасынан шыққан кітабынан көп мәлімет алуға болады.

Орналасқан жері белгісіз болып келген Баласағұнның Ұлы Жібек жолындағы түркілердің әлемге әйгілі ірі қалаларының бірі болғаны жазба деректерде сақталып қалған. Баласағұнның төңірегіндегі жер атаулары осы күні Ақтөбе қаласының атырабынан табылды. Баласағұн тауы (Әулиетау) Бақыртау, Юн-арық (Жонарық), Қарабалта өзені, Қырықүй, Қарақыршын, Жетіжар, Бозжорға. Жер атауларының бәрі де өз кезегінде, жердің ерекшеліктеріне байланысты қойылған.

Бүгінгі таңда Баласағұн Қарабалта, Ақсу, Сарғау, Тоқташ атты өзендердің төңірегенде орналасқан. Өте қолайлы, табиғаты көркем жер болғандықтан елін барлық жағдаймен асырап келеді. Кейбір қуаншылық жағдайда да ел біздің жерден шөп орып, қамысына дейін азық қылып отырған. Сондықтан Баласағұн өңірі қасиетті де, киелі орын саналады.

Ұлы Жібек жолы Баласағұн мен Шу өңірін дамытып, жағдайдың бәрін жасағанға ұқсайды. Міне, енді осы өңірден өтетін Батыс Еуропа-Батыс Қытай автобан жолы да сол баяғы Ұлы Жібек жолының рөлін атқарып тұр. Бүгінде Ақсу ауылы аталған мекенде барлық жағдай жасалған. Алдағы өмірге үмітпен қарап, Қазақстанның келешегіне зор сенім артады. Ұлы Жібек жолының бұрынғы қасиеті мен қазіргі жолдың айырмашылығы өте үлкен.

 Баласағұн өңірінде туризм саласын дамытып, келер ұрпақтың қызығушылығын арттырса,  өте үлкен табыс көзіне айналары сөзсіз. Ылайым, солай болғай!