Байзақтық бишілер Әзербайжанда бас жүлдені жеңіп алды
Сарыкемер ауылындағы «М-Арт» би студиясының талантты бишілері жуырда Әзербайжан елінде өткен халықаралық би байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл – жас өнерпаздардың тынымсыз еңбегі мен ұстаздарының кәсіби шеберлігінің жемісі. Байқауда студияның «Аманат» (үлкен топ) «Киіз басу» биі (кіші топ) көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Жас өрендері өнерге баулып, шығармашылық жолда қанаттандырып жүрген студия жетекшілері – Нұржамал Дүзелбаева мен Маржан Қабылшаева. Ұстаздардың қажырлы еңбегі мен шәкірттеріне деген жанашырлығының арқасында ауыл балалары халықаралық сахнада ел мерейін асқақтатты.
Жас бишілердің жеңісін «М-Арт» би студиясының ғана емес, өңірдің жетістігі деп білеміз. Осындай дарынды жастарымыздың бағындырған белесі өскелең ұрпаққа үлгі болып, ұлттық өнеріміздің әлемге танылуына зор үлес қоса беретініне сенім мол.