Құтқарушылар қауіпсіз өмір сүру ережесін үйретті

0 6

Жазғы демалыс кезеңінде құтқарушылар балалар мен ата-аналарды қауіпсіздік мәдениетіне үйрету мақсатында Т. Рысқұлов атындағы саябақта «Қауіпсіз жаз – 2026» атты іс-шара ұйымдастырды.

Келген қатысушыларға Төтенше жағдайлар қызметіне қатысты арнайы көрме ұсынылды. Балалар өрт сөндіру және құтқару техникасымен танысып, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерден өз қызметінің ерекшеліктері мен қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат алды. Мамандар балаларға төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігін нақты мысалдар арқылы көрсетті.

Іс-шара барысында интерактивті алаңдар жұмыс істеді. Балалар қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты ойындар ойнап, тапсырмаларды орындады, викториналар мен байқауларға қатысты. Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Мұндай іс-шара балалардың білімін арттырумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға да мүмкіндік берді.

«Қауіпсіз жаз – 2026» іс-шарасы балаларға қауіпсіздік негіздерін ойын арқылы үйретіп қана қоймай, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Құтқарушылар мен ата-аналардың қатысуымен өткен бұл кездесу жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге бағытталғанын көрсетті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар балалардың белсенділігін жоғары бағалап, олардың қауіпсіздік туралы алған білімдерін өмірде қолдануға шақырды.