Маңызды стратегиялық шара

0 8

Мемлекеттік орман қорында өсіп тұрған сексеуіл ағашы мен жанжануарлар дүниесін қорғау –маңызды стратегиялық шара. Сонымен бірге, ол – мемлекет жағынан үлкен қолдауды қажет ететін  сала.

Бұл тұрғыда, облыс әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2026 жылғы 29 қаңтардағы «Мемлекеттік орман қоры аумағында 2026 жылғы өрт қауіпі бар маусымына дайындық туралы» №15ө бұйрығына сәйкес, Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің 2026 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік орман қоры аумағында 2026 жылғы өрт қауіпі бар маусымына дайындық айлығын өткізу мен кезекшілік ету тобын құру туралы» №24-ө бұйрығы шығарылды.

Аталған бұйрықта, 2026 жылдың 20 наурызына дейін өрт қауіпі бар маусымға дайындық жұмыстары аяқталуы, соның ішінде: өрт қауіпі бар кезеңі басталғанға дейін аудан әкімдігімен іс-шаралар жоспарын бекіту, мекеме басшысымен бекітілген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2026 жылғы арналған іс-шаралар жоспарын бекіту, өртке қарсы профилактикалық іс-шараларға арналған орналастыру картасын (өртке қарсы ұйымдастырылған топ тардың, орманшы-қорық шылардың, техника, рация, өрт бақылау мұнаралары, бекеттер және өтпелі бекеттер орналасқан жерлерді) әзірлеу орман өрт сөндіру станцияларын күшейтілген режимдік жұмысына дайындау, орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы жасақтарына белгіленген алғашқы өрт сөндіру құралсаймандарын, техникаларын, өрт бақылау мұнарасын, орман өрт сөндіру станциясына арналған ғимаратты өрт қауіпсіздігі кезеңіне дайындыққа келтіру, тағы басқа мәселелері қамтылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.