Өртке жол бермейік

0 12

Орман көптеген пайдалы өнімдердің маңызды және алмастырылмайтын көзі болып табылады. Сонымен қатар экологиялық, емдік және санитарлық маңызы бар. Ауаны қажетті химиялық элементтермен қанықтырады, оны өнеркәсіптік шығарындылардан тазартады.

Адамның жауапсыз қарым-қатынасы, табиғи апаттар орман алқаптары санының азаюына әкеледі. Бірнеше сағат ішінде орман екпелерін жоя алатын ең қорқынышты қауіп – өрт. Жылы, шуақты күндердің келуімен ең өзекті мәселе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, кез келген ұшқын табиғатта бақыланбайтын өртке әкелуі мүмкін және өсімдіктерді, жануарларды, жақын маңдағы елдімекендер мен адамдарды жойып, жоғары жылдамдықпен таралады.

Ормандағы өрт оның орнына жалаңаш өлі жер қалдырып, үлкен аумақтарды қамтуы мүмкін. Орман өрттерімен қоса дала өрттеріне де жол бермеуіміз керек. Себебі дала өрттері барып орманға ұласып кетуі мүмкін. Өрт қауіпті маусым, шілде айларында, шөптердің қурап, күн жоғарғы температурада қызған кезде, дала өрттерінің туындауы ықтимал. Аудандағы жеке және заңды тұлғалар мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаулары тиіс. Өртті өшіргеннен көрі алдын алу әлдеқайда оңай екені белгілі. Өртке қарсы қызмет мекемелері және барлық аудандағы жеке және заңды тұлғалар болып, орман және дала өрттеріне жол бермейік, ормандарымызды өрттен қорғайық. Ол үшін әрқайсысымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауымыз қажет:

– қай жерде болсын қажет жағдайда ашық отты пайдалануды бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тастап кетпеу керек;

– далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бей-берекет қойып, жер ашу мақсатында пайдаланбау керек;

– көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоқтарын толық сөндірмей тастап кетпеу керек.

Орман – ел байлығы, мақтанышы. Оны көбейтіп, өлкемізді жасыл желекке бөлесек ұтарымыз мол. Халық орман-тоғайдың қадірін қашаннан жоғары бағалап келгенін, оны ақын-жазушылар өздерінің шығармаларына арқау еткенін көпшілігіміз білеміз.

Сондықтан да қауіпсіздікті сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек. Орман-тоғай өрттері немесе дала өрттері орын алған жағдайда 101 немесе біздің «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемесіне 2-16-81, ұялы телефондар 87 088481916,87758353431,87072440717 нөмірлеріне хабарласыңыздар.