Су тасқынының зардабы аз болсын десеңіз…

0 10

Казгидромет мағлұматтарына сәйкес табиғи төтенше жағдайлар туу мүмкіндігі жайлы су тасқындарының алдын алу туралы халықты сақтандыру.

Есте сақтаңыз! Егер үйіңіз және аулаңыз гидрометеорологиялық болжамындағы су тасқыны болатын шекараға түсетін болса, өзіңіздің үйіңізді, пәтеріңізді қорғап қалу мақсатында келесі ережелерді орындауыңыз қажет:

1.Су басып кету мүмкіндігі туған кезде болжамды жағдайды бағалап іс-әрекет жоспарын ұйғарыңыз, қауіпсіз орын және жедел көшіру бағытын анықтаңыз.

2.Алдын ала үш тәулікке жететін ішетін су және азық мөлшерінің қорын дайындаңыз.

 3.Сәйкес киім және аяқ киім, медициналық дәрі қоры, бірінші қажеттілік заттарын дайындаңыз.

4.Ақша, құжаттар, бағалы қағаздар мен заттарды үнемі дайындықта ұстаңыз

5.Ауладан ауылшаруашылық құрал-саймандарды алып тастаңыз, қол астыңыздағы шаруашылықтың сақталуын қамтамасыз етіңіз, мал азығын дайындаңыз, қауіпсіз орынды анықтаңыз.

6.Өзіңіздің үйіңізді, пәтеріңізді қорғау бойынша жұмыс жүргізіңіз, бағалы заттарды, күнделікті қолданыстағы заттарды үйдің шатырына немесе жоғарғы қабаттарына көшіріңіз.

 7.Қажетті қарапайым жүзу құралдарын дайындаңыз.

 Судың дүркін-дүркін лақтырысы және деңгейінен кенеттен көтерілуі, мол толқын ағыны жағдайында:

1.Үрейленбей, шапшаң, мақсатты қимылдаңыз.

2.Суды, газды, электр құралдарын, отты және пешті сөндіріңіз.

3.Терезе және есіктерді жабыңыз, мүмкіндігіңізше тақтай немесе фанермен шегелеп тастаңыз.

4.Үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық ісшараларды қолданыңыз, есік қақпаларды ашыңыз, оларды шешіп жіберіңіз.

 5.Лайықты резеңкеленген киім киіңіз, құжаттарды алыңыз, ақша, бағалы қағаздар, ішетін су қорын, азық, медициналық дәрідәрмек қобдишасын, бірінші қажеттілік заттарын алып, жедел ғимараттан шығыңыз.

6.Су тасқыны ауданынан жеделдетіп кетуге тырысыңыз, егер бұл әрекетіңіз іске аспаса, су тасқыны ауданынан немесе одан алшақтау қауіпсіз орын табыңыз.

7.Қоласты жүзу құралдарын пайдаланып қауіпсіз жерге көшіңіз, немесе үйдің, ғимараттың жоғары қабаттарына шығыңыз.