Сурет арқылы мекенжайды анықтайды

0 20

Суреттегі нақты орынды анықтап, «3D» модельдер құра алатын жаңа нейрожүйе пайда болды.

Қазіргі уақытта бұл технологияның демо-нұсқасы Сан-Франциско аймағында қолжетімді. Толық нұсқасына қол жеткізу үшін арнайы тізімге тіркелу қажет. Бұған дейін Стэнфорд университетінің зерттеу­шілері фотосуреттердегі нысандардың орнын 40 шақырым дәлдікпен анықтап, мекенжайды 95 пайыз жағдайда дұрыс анықтай­тын «PIGEON» жасанды интеллект жүйесін әзірлеген еді. Ал жаңа нейрожүйе өзінің жоғары дәлдігімен әрі «3D» модель жасау мүм­кіндігімен ерекшеленеді.