«6G»-дің ауылы алыс емес
Қытайдың «Chang Guang Satellite Technology» компаниясы спутниктен лазер арқылы деректерді жоғары жылдамдықпен жеткізу сынағын сәтті аяқтады.
Экспериментте тәжірибе кезінде Бейжің мен Доха әуежайының суреттері спутниктен жерге лазер арқылы 100 Гбит/сек жылдамдықпен жіберілді. Лазер технологиясы деректерді радиотолқындар арқылы тасымалдайтын «Starlink» жүйесін басып озды. Компания мамандарының айтуынша, бұл технология «6G» желілерінің дамуына серпін беріп, ауа райының кез келген жағдайында тұрақты байланыс орната алады.
Қазіргі таңда «Chang Guang» компаниясы 117 спутникті басқарып отыр. Ал, алдағы 3 жылда олардың санын 300-ге жеткізу көзделуде. Бұл жаңалық ғарыштық байланыстың болашағын мүлде жаңа деңгейге көтермек.