Питон әйелді екі сағат тұншықтырған

0 3

Бангкок (Таиланд) қаласында полиция 64 жастағы әйелді құтқарды.

«CNN» мәліметінше, әйел үйінде ыдыс жуып отырған кезде аяғын әлдене шаққандай болған. Артына қарағанда, жыланды көрген.

Питон оны орап алып, жерге құлатқан. Екі сағат бойы өзін тұншықтырған питонмен арпалысқан әйелдің жанұшырған дауысын естіген көршісі тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

Полиция оны 30 минутта құтқарып, ауруханаға апарған.