Қорылдаудан құтылудың жолдары

0 23

Қорылдау – өте жағымсыз құбылыс. Әсіресе, ұшақта немесе автобуста, тағы да басқа көпшілік ортада қорылдап ұйықтау өзіңе ыңғайсыздық, өзгеге жағымсыздық әсерін туғызатыны белгілі. Ал, осы қорылдаудан құтылғыңыз келсе мына кеңестерді қолданып көріңіз.

1. Диета ұстаңыз. Артық салмағы бар, орта жастағы ер адамдар әдетте, көп қорылдайды. Ал салмақ жоғалту қорылдауды болдырмауға көмектеседі. Ер адамдар өз салмағынан 20%ға семірсе оларда қорылдау пайда болады. Ал бұл жағдай әйелдерде 30-40% артық салмақ қосқан кезде пайда болады.

2. Ішімдіктен бас тартыңыз. Жатардан алдын алкогольді сусындарды пайдаланбаңыз, олар қорылдауды одан әр арттырады. Ұйықтар алдында ішімдік ішпеңіз, жәй ғана ұйықтаңыз.

3. Темекіні тастаңыз. “Шылым шегетіндер қорылдауға бейім болады”, — дейді дәрігер Эрл Данн. Сондықтан, шылым шегуді тоқтатыңыз.

4. Жастығыңызды дұрыстаңыз. Жастығыңыз қаншалықты биік болса, соғұрлым қорылдауыңыздың күші арта түседі. Үлкен жастық қорылыңызды күшейтеді. Сол себепті өзіңізге ыңғайлы кішігірім жастықта ұйықтаңыз.

5. Бір жағыңызбен ұйықтаңыз. Егер сіз қорылдайтын болсаңыз, арқамен жатып ұйықтауға жол бермеңіз. “Қатты қорылдайтындар барлық жағдайда қорылдайды. Ал, бірқалыпты қорылдайтындар бір жағымен жатқанда қорылдамайды.”, — дейді дәрігер Эрл Данн.