Сала үздіктері марапатталды

0 45

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты. Ы. Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шарада облыстық мәслихат, сот төрағалары, департамент басшылары, сондай-ақ сала ардагерлері мен қызметкерлері бас қосты.

Мерекелік жиында Ербол Қарашөкеев мемлекеттік кірістер органдары елдің тұрақтылығын анықтайтын негізгі құрылымдардың бірі екенін атап өтті. Ол кәсіби мамандардың ашық және адал қызметінің арқасында ел, өңір экономикасы қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Облыста соңғы 10 жылда жергілікті бюджет кірістері төрт есеге ұлғайды. Яғни, 2014 жылы бюджет кірісі 37,7 миллиард теңгені құраса, 2023 жылы 151 миллиард теңгені құрап, 113 миллиард теңгеге артып отыр.

Облыс әкімі салада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен ардагерлер мен мамандарға алғыс білдіріп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгілері және Құрмет грамотасымен марапаттады. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Берік Жамалбеков те бірқатар қызметкерге мерекелік марапаттар табыс етті.

Салтанатты іс-шара соңы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қаржы министрлігіне қарасты Кедендік бақылау, Салық комитеттері біріктіріліп, Мемлекеттік кірістер комитеті болып құрылды.