Туыстардың бір-біріне үйленуіне тыйым салынды

0 21

Әзербайжанның Милли мәжілісі 2024 жылдың 28 маусымында Отбасы кодексіне жақын туыстар арасында қиылатын некеге тыйым салатын өзгерістерді енгізді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Кодекс баптарына төмендегідей екі тармақ қосылған:

— биологиялық атасы немесе әжесі ортақ, бір кіндіктен тараған бауырлардың балалары арасындағы одақтарға тыйым салу;

— биологиялық туыстығы бар немере ағалар мен немере әпкелер арасындағы некеге тыйым салу.

Сондай-ақ, Отбасылық кодекстен дәлелді себептер болған жағдайда некеге тұрғысы келетін кәмелетке толмағандар үшін неке жасын бір жылға төмендету туралы тармақ алынып тасталды.

«Көп жағдайда қолданыстағы бұл заңнамалық норма кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне әкеліп соғып жатады, өйткені дәлелді себептер қандай критерийлер бойынша анықталатыны анық көрсетілмеген», деп түсіндірді Әзербайжан Парламенті.