Сингапурда үйде мысық ұстауға рұқсат берілмек

0 20

Сингапурда биыл қыркүйекте 1989 жылдан бері қолданылып келе жатқан мысықтарды пәтерлерде ұстауға тыйым салатын ережелер өзгереді.

Бүгінде мысықтарды пәтерде ұстауға рұқсат жоқ. Ережені бұзған 4 мың сингапурлық долларға дейін (2970 доллар) айыппұл арқалайтынын атап өткен жөн.

Десе де, ережені елеп жатқан ешкім жоқ. Көршілер мысықтардың иелеріне шағымданғанда ғана заңмен байланысты проблемалар болуы мүмкін. «Euromonitor International» есебіне сәйкес, 2023 жылы Сингапурда шамамен 94000 үй мысығы  тіркелген. Бұл — 2019 жылмен салыстырғанда 10% көп.

Тыйым салуды алып тастау туралы шешім Сингапур азаматтарының ықпалымен қабылданбақшы. Қоғамдық кеңес сауалнамаға қатысқандардың шамамен 90% пәтерлерде мысық ұстауға рұқсат беру орынды деп есептейтінін анықтады.

Осылайша, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекет меншігіндегі пәтерде екі мысыққа дейін, сондай-ақ рұқсат етілген (тұқымына байланысты) бір ит ұстауға болады. Десе де, иелері үй жануарларын иеленудің тегін онлайн курсын аяқтап, үй жануарларын таңбалап, тіркеуге тиіс. Сондай-ақ, жануарларды қорғау үшін терезелерге тор орнату міндеттелмек.