Мұқаба аукционда 1,9 миллион долларға сатылды

0 27

 «Хәрри Поттер мен философиялық тастың» бірінші басылымына арналған акварельдің түпнұсқалық иллюстрациясы 1,9 миллион долларға сатылды. «Sotheby ‘s» мәліметінше, бұл жұмыс «Хәрри Поттердің» аукционда сатылған ең қымбат заты болды. 

1997 жылы небәрі 23 жаста болған Томас Тейлордың найзағайға ұқсас тыртығы мен дөңгелек көзілдірігі бар баланың бейнесі 400, 000 мен 600, 000 доллар аралығында болады деп болжанған.

Тейлор Кембридждегі балалар кітап дүкенінде жұмыс істеп жүрген кезінде баспагер Барри Каннингем одан 1997 жылдың маусым айында Лондонда шығатын Дж. К. Роулиң кітабына арнап иллюстрация салуды сұраған. Ол бұл еңбегіне шамамен 750-800 доллар алды. Тейлордың айтуынша, бұл сол кездегі кітап мұқабасы үшін әдеттегі қаламақы.

Кітап шыққан кезде Роулиң пен Тейлор аса танымал бола қоймады және оны жаһандық құбылыс болады деп күткен адамдар аз болды. Бірінші басылымның 500 данасы басылып, 300-і кітапханаларға жіберілді. Бірақ, көп ұзамай кітап бестселлерге айналды.