Маңғыстаудың бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды

0 21

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.