Ерекше балаларға — ерекше іс-шара

0 34

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының демеушілігімен, мүгедектігі бар балаларға мерекелік дастарқан жайылды.

Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудандағы балаларды оңалту және бейімдеу стандарттарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Аудан бойынша жалпы бүгінгі таңда 392 мүмкіндігі шектеулі бала бар болса, олардың барлығы мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылыпты. Балаларға жарқын болашақ тілеп, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.

Сонымен қатар іске әйелдер қауымдастығының төрайымы Әлия Әубәкірова және балалардың ата-аналары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының педагогтары ән айтып, би билеп, анимациялық көріністермен балалардың көңілдерін көтерсе, бүлдіршіндер де ән салып, тақпақ айтып өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекеге аудандық оңалту оталықтарында оңалту және бейімдеу шараларын қабылдап жатқан жалпы 100 бала қамтылып, барлығына мерекелік сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.