Жамбыл облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

0 36

Жамбыл облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті.

Тараз қаласында «АМАNАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті. Жиында қатысушылар тұрғындардың мәселесін шешудегі тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жұмысты жандандыру жолдарын талқылады.

Бүгінгі таңда облыста 266 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Олардың қатарында  54 мыңнан астам мүше бар. Соңғы екі жылда партия қатары 4000-ға жуық адаммен толықты. Алайда, партия облыстық ұйымының 59%-ын әлеуметтік саланың өкілдері құраса, 30%-ы қызмет көрсету саласының өкілдері. Шағын және орта бизнестің өкілдері 3,5%,  ауылшаруашылығы саласының еңбеккерлері 1,8%-ды ғана құрап отыр.

«Бастауыш  ұйымдар – партиямыздың негізгі қозғаушы күші. Бәрімізге мәлім, «AMANAT» пар­тиясы 16 партиялық жоба­ны жүзеге асыруда. Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық», «Құқықтық көмек», «Tazalike» және басқа да жобалар аясында бастауыш партия ұйымдары ерекше белсенділік танытуда. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Жамбыл облысының 11 мыңнан астам тұрғыны қаржылық сауаттылығын арттырды. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өткен жылы ауыл тұрғындарына  20,6 млрд. теңге сомада 3 мыңнан астам несие берілді. «Жер Аманаты» жобасы аясында облыста жекеге заңсыз өткен 400 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар, «Кітап-AMANAT» орталығында 100-ге жуық кітап сатылды. «AMANAT» партиясы бірқатар әлеуметтік жобаның бастамашысы және басқа да жобаларды іске асыру барысында ерекше белсенділік танытып жатыр. Мақтанышпен айтар ізгі істер де көп.

Жалпы, форумның бірінші кезеңінде Жамбыл облысы бойынша «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымдарының алдына қойылған міндеттер мен мақсаттар туралы айтылып, өңірлердегі БПҰ жұмысы тыңдалады. Сонымен қатар, БПҰ төрағалары мен партия белсенділері Алғысхаттармен марапатталады.

Пленарлық отырыстан соң, форум жұмысы панельдік сессияларда жалғасты.