Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды

0 15

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

Полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастайды.

1994 жылы ШҚО ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып тағайындалды.

1995 — 1996 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшенің бастығы болды.

01.01.1996 — 19.03.1996 мерзімдері аралығында ШҚО Өскемен қ. қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы лауазымында болды.

1997 — 1998 жылдары ШҚО ІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөліміне басшылық етті.

1998 жылы ақпан айында ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

01.07.1998 — 17.02.2000 мерзімі аралығында ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы.

2000 жылы ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы лауазымына тағайындалды.

2004-2006 жылдары ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшылық етті.

2006 жылдың қыркүйек айында ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.

2008-2009 жылдары ШҚО ІІД Риддер қ. ІІО бастығы.

2009 жылдың мамыр айында ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ бастығы лауазамына тағайындалды.

2009 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары лауазамына ауыстырылды.

Одан кейінгі қызметтік жолы 2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР ІІМ «Р» Департаментінің бастығы лауазымында өтті.

2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы лауазымына тағайындалса, наурыз айында көліктегі ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.

2016 жылдың маусым айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін Ақмола облысы ПД бастығы.

2019 ж.24.04. — 2022 жылдың 26 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды

2022 жылдың 26 қаңтарынан — 2023 жылдың 02 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрі.