Қытайда ерекше зауыт іске қосылды

0 11

Қытайдың «UBTECH Robotics» компаниясы гуманоид роботтарды басқа роботтардың көмегімен шығаратын өндірісті іске қосты.

Зауыт Қытайдың Лючжоу қаласында орналасқан. Кәсіпорын жылына 10 мыңға дейін гуманоид робот шығаруға қауқарлы. Өндіріс қуатына сәйкес, мұнда әр 10 минут сайын бір робот құрастыруға болады.

Зауытта негізінен «Walker S» және «Cruzr» серияларындағы интеллектуалды өнеркәсіптік гуманоид роботтар шығарылады.

Өндіріс үдерісінің басым бөлігі автоматтандырылған. Роботтар паллеттерді түсіру, материалдарды тиеу, тасымалдау және басқа да өндірістік операцияларды орындайды.

Компанияның мәліметінше, гуманоид роботтарды шығару саласы зертханалық прототиптер мен шағын сериялы өндіріс кезеңінен жаппай интеллектуалды өндіріске көшіп жатыр.