Нью-Йоркте аптап ыстықтан асфальт еріп кеткен
Аптап ыстық дүниежүзінің көп аумағына әсер етіп жатыр. Нью-Йорк қаласында ауа райының күрт ысуына байланысты асфальт еріп кеткен.
Қалада ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілген. Болжам бойынша 44 градусқа дейін жететін аптап ыстық бірер күн сақталуы мүмкін.
Аномалды жоғары температураға байланысты қаланың кейбір көшелерінде асфальт жұмсарып, ери бастаған. Тіпті жол жабынын қолмен де зақымдап алуға болатыны айтылды.