Құрылтай

Жамбыл облысында халықаралық The Marco Polo Project – EV Journey from Europe to Asia жобасы өтті

0 4

2026 жылғы 12–13 шілде күндері Жамбыл облысында халықаралық The Marco Polo Project – EV Journey from Europe to Asia мәдени-танымдық жобасы өтті.

Жоба Еуропа мен Азияны заманауи электромобильдер арқылы байланыстырып, Ұлы Жібек жолының тарихи бағытын жаңғыртуға, мәдени мұраны, тұрақты туризмді және экологиялық көлік технологияларын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталды.

Жобаның басты ерекшелігі – қатысушылардың халықаралық экспедиция бағытымен толықтай электромобильдермен саяхаттап, Жамбыл облысының тарихи-мәдени және туристік нысандарын аралауы болды. Бұл бастама экологиялық таза көлікті насихаттай отырып, өңірдің бай тарихи мұрасы мен туристік әлеуетін әлемдік қауымдастыққа таныстыруға мүмкіндік берді.

Аталған жоба Жамбыл облысын Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды мәдени және туристік бағыттардың бірі ретінде ілгерілетуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға өз үлесін қосты.