Дала өртінің алдын алу шаралары

0 6

Дала алқаптарында түрлі шөптер, шөп қалдықтары, бұталар, қамыстар, тағы басқада үлкен көлемді жанғыш материалдар, әсіресе, тұрақты құрғақ ауа райының өзінде де тез тұтануға бейім.

Даладағы өрттер тез өршиді. Мұның себебі-өрттің таралу жылдамдығына желдің жылдамдығы ықпал етеді. Құрғақшылық ауа райында өрт жалынының таралуы биік өскен шөпті алқапта 500-600 м/минутқа жетеді. Сирек аласа өскен шөпті алқапта, сондай-ақ желсіз мезгілдерде өрттің таралу жылдамдығы 10-15 м/мин болады. Дала өрті әдетте кеш байқалатындықтан, ол мыңдаған гектар аумақты шарпиды. Өрттің таралу барысында «құйындар» пайда болып, отты алыс қашықтыққа жеткізеді. Мұндай өрттің күштілігі соншалық, ені 12-15 метрге дейін жасанды және табиғи кедергілерді аттап өтеді.

Өртті сөндіру тактикасы және оны ұйымдастыру негіздері облыстық  немесе аудандық жиын-терін, шөп шабу, жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарында көрсетіледі. Бұл жоспарда тұрғындарды тарту тәртібі, өрт сөндіру техникаларын жұмылдыруға, байланысты ұйымдастыру, дәрігерлік жәрдем, басқа да өртпен күресудің шаралары қарастырылады.

Дала өрттерін сөндірудің негізгі тәсілдері мен амалдарының бірі – жерді жырту. Екіншіден, өсімдіктерді сумен ылғалдандыру. Үшіншіден, өрттің таралу аумағының алдындағы шөпті алдын ала шабу. Өрт кезінде өрттің таралу жылдамдығы 7 м/с және одан да артық болса, сөндірудің бір тәсілі қоршау кедергі белдеулерін, табиғи кедергілерді (жолдар, өзендер, көлдер, сайлар) пайдалана отырып жасау. Айта кететін бір жайт, дала өртін байқаған әрбір адам ол туралы ауылдық округ әкімшілігіне және өрт сөндіру мекемелеріне дереу хабарлағаны жөн.