Өрт қауіпсіздігі – басты назарда
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында полигон иесімен кездесіп, өрттің алдын алу шаралары мен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мамандардың айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтар сақталатын аумақтарда өрттің туындау қаупі жоғары. Әсіресе жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуі мен құрғақшылық жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау маңызды. Осыған байланысты бөлім қызметкерлері полигон иесіне өрттің шығуына себеп болатын факторларды болдырмау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында аумақты құрғақ шөптерден, тұрмыстық және басқа да жанғыш материалдардан жүйелі түрде тазарту қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру құралдарының жарамды күйде болуы, арнайы техниканың дайындық деңгейі және төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тек мүлікті қорғау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі екенін жеткізді.
Іс-шара соңында полигон иесіне өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған ұсынымдар қамтылған арнайы ұсыныс хат табысталды. Аталған құжатта өрттің алдын алу бойынша нақты шаралар көрсетіліп, қауіпсіздік талаптарын тұрақты түрде орындау қажеттігі ескертілді.
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағындағы нысандарда профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Мұндай кездесулер төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың қау