«Шалғай Қарасу» алқабына су құбыры тартылуда

0 31

Елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саладағы маңызды жобасы. Ауыл-аймақтар мен шалғай елдімекендердегі инфрақұрылым жүйесін жақсарту: ауыз су, газдандыру, байланыс, электр энергиясын жүйелі тарту дамыған елдерге тән өркениеттілік белгісі.

Осы орайда Таразда қаланың шет аймақтарына ауыз су тарту жұмыстары жоспарлы қолға алынған. Соның бірі – «Шалғай Қарасу 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7» алқаптарын орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету жобасы. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан тиісті рұқсат құжаттары алынып, құрылыс жұмыстары басталды.

Жалпы тартылатын құбырдың ұзындығы – 82,5 шақырым. Мердігер мекеме «Байсын А» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз деп табылды. Ал техникалық қадағалаушы – «GRAND URBAN» ЖШС.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил жаңа басталған құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігерге құрылыс сапасының маңыздылығын ескертті.