Отбасы – бақыт мекені

0 29

Жуырда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор-психологі, осы жолдардың авторының ұйымдастыруымен отбасы құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткен аудандық зияткерлік ойыны өткізілді.

Отбасы – шағын мемлекет. Осы тұрғыда, әсіресе, жас отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын нығайту мәселелері алға қойылған аталған іс-шара орталық кітапханада «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыппен жас отбасылар арасында өтті. Іс-шара барысында Меркі ауылдық округі Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ләззат Исаева сөз сөйлеп, ойын шымылдығын ашты.

Ойынға ауданымыздағы Ойтал, Жамбыл, Кеңес және Жаңатоған ауылдық округтерінен төрт жас отбасы қатысып, бақ сынасты. Тартысты өткен ойын нәтижесінде 1-орынды Ойтал ауылдық округінен келген Раймахановтар отбасы, 2-орынды Кеңес ауылдық округінің үкілеген үміттері Әшірбековтар отбасы иеленсе, 3-орынға Жамбыл ауылдық округінен келген Еңсебековтар отбасы мен Әліш отбасылары лайықты деп табылды.