Ыстамбұлда жеті қабатты үй құлады

0 18

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Малтепе ауданында 7 қабатты тұрғын үй құлады.

«TRT Haber» арнасының мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.

Алдын ала мәлімет бойынша үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ.