Тұрғын үйде тоңазытқыш жарылып 4 адам көз жұмды

0 17

Үндістанның оңтүстік-батысындағы Карнатака штатында тұрғын үйдегі тоңазытқыштың жарылуы салдарынан бір отбасының 4 мүшесі қаза тауып, тағы екі адамды күйік шалды.

Үндістандық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеген.

Ақпаратқа сәйкес, жарылыстан кейін шыққан өрт үйдің ішіне тез тарап, ондағы адамдардың сыртқа шығуына мүмкіндік бермеген. Салдарынан қайғылы жағдай орын алды. Зардап шеккен екі адамның денесінің шамамен 60%-ын күйік шалған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, өрттің нақты шығу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.